Қазақстан Еуро-2025 турнирінің іріктеу кезеңінің алғашқы ойынын жеңіліспен бастады

05.04.2024, 18:41

Футболдан Қазақстанның Әйелдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде өз қарсыласынан басым түсе алмады.

Қазақстан Еуро-2025 турнирінің іріктеу кезеңінің алғашқы ойынын жеңіліспен бастады

Алматыда өткен кездесуде біздің бұрымдылар Болгарияны қабылдап, 1:0 есебімен жеңілді. Матчтың тағдыры шешілген гол 45+5’ минутта соғылды. Гол авторы - Симона Петкова. Айтпақшы, ойын барысында болгар қыздары пенальтиден гол соға алмады. Ивана Найденова 11-метрлік нүктеден мүлт кетті.

Топтық кезеңде ел құрамасы Болгариядан бөлек, Румыния мен Арменияға қарсы ойындар өткізеді. Матчтар сәуір мен шілде аралығында ойнатылады. 

Квартетте жеңімпаз бен екінші орын алған командалар Швейцарияда өтетін Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×