Фернандо Льоренте Ливерпульде

22.06.2015, 19:40
Фернандо Льоренте Ливерпульде
Балотеллиден бақ таппаған "Ливерпуль" шабуылшы іздейді. Туриннің "Ювентусында" екі жылын өткізген Фернандо Льоренте команданың негізгі шабуылшысына айнала алмады. Өткен маусымда отандасы Альваро Моратаның көлеңкесінде отырып, негізгі ойындарда тек Тевес немесе Моратаны алмастырып жүрген 30 жасар испандық енді команда ауыстыруға ниетті. Қызығып отырған команда жоқ емес. Былтыр шабуылшыға жарымаған "Ливерпуль| футболшыны өз сапында көргісі келеді. Келер маусымда Фернандоны "Энфиалдтa" көріп қалуымыз ғажап емес. Кеше футболшы сол үшін Ливерпуль қаласына да келіп жетті. Ал, "Ювентус" шабуылшыны 15 миллион еуроға бағалап отыр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×