Пирло "Ювентуспен" қоштасты

22.06.2015, 20:02
Пирло "Ювентуспен" қоштасты
Андреа Пирло әлеуметтік желі арқылы "кәрі сеньораға" алғысын білдірді.  "Туринде мені қолдаған барлық жандарға алғысым шексіз. Мен оны бағалаймын"-деп жазды Instagram желісінде Пирло. Айта кетсек, атақты New York Daily News басылымы Италия ұлттық құрамасының футболшысы жақын күндері "Нью-Йорк Сити" клубына ауысады. 37 жасар жартылай қорғаушы Фрэнк Лэмпард және Давид Вильямен бір командада өнер көрсетпек. Жылдық табысы 5 миллион еуроны құрайды. Ал, америкалық клубтың "Ювентусқа" қанша қаржы төлейтіні белгісіз. Клуб пен футболшы арасындағы келісім-шарт келесі жылы ғана өз күшін жояды. Пирло өткен маусымда Италия А Сериясында 20 ойын өткізіп, 4 гол салып, 4 мәрте нәтижелі пас берген.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×