
Уругвайлық қақпашы Фернандо Муслера Түркияның “Галатасарай” клубындағы 14 жылдық керемет мансабын ресми түрде аяқтады. 2025 жылдың 26 мамырында өткен “Башакшехирге” қарсы соңғы матчында командасы 3:1 есебімен жеңіске жетіп, Муслера өзінің клубтағы қоштасу ойынын жеңіспен аяқтады.
Фернандо Муслера Стамбулдық командаға 2011 жылы “Лацио” құрамынан ауысып келген болатын. Ол келе сала негізгі қақпашыға айналып, клубтың барлық маңызды жеңістеріне тікелей үлес қосты.
Осы 14 жыл ішінде Муслера “Галатасарай” сапында 480-нен астам матч өткізді, 6 рет Түркия Суперлигасын, 4 рет Түркия кубогын, 5 рет Түркия суперкубогы иегері атанып, көптеген маусымда ең үздік қақпашы ретінде танылды.
“Башакшехирге” қарсы ойыннан кейін “Али Сами Ен” стадионында арнайы қоштасу рәсімі ұйымдастырылды. Жанкүйерлер Муслераға арналған үлкен баннерлер ашып, стадионды “Teşekkürler Muslera” (Рахмет, Муслера) ұранымен тербетті.
“Бұл клуб менің екінші үйіме айналды. 14 жыл бойы маған сеніп, қолдау көрсеткен жанкүйерлерге, командама, бапкерлерге алғысым шексіз. Мен “Галатасарайды” ешқашан ұмытпаймын.” – деді Муслера көз жасын әрең ұстап тұрып.
Қазіргі таңда Муслера футболшы ретіндегі мансабын аяқтамайтынын, бірақ басқа елде ойнаунемесе жаттықтырушылық жолға түсу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.
Біздің серіктес: FONBET