
“Манчестер Сити” клубының төрағасы Халдоон Әл Мубарак Премьер лиганың қаржылық ережелерін бұзды деген айыптауларға қатысты үкімді күтіп отырғанын, және бұл мәселе бойынша тек ресми шешім шыққаннан кейін ғана пікір білдіретінін мәлімдеді.
2023 жылдың басында Премьер лига “Манчестер Ситиге” қатысты 115 түрлі қаржылық тәртіп бұзушылық деректерін тергеуге алған болатын. Бұл айыптаулар 2009-2018 жылдар аралығындағы қаржылық есептіліктер, демеушілік келісімшарттар, кіріс-шығыс балансы және УЕФА мен лигалық лицензиялау талаптарын сақтамауға қатысты.
“Бұл процесс өте ұзаққа созылды. Біз барынша сабыр сақтап отырмыз, бірақ, шындықты бәрі білуі керек. Қазір ешқандай мәлімдеме жасамаймыз, өйткені заңды тәртіппен, ресми шешімді күтіп отырмыз. Ал сол үкім шыққаннан кейін, мен барлығын ашық әрі нақты түрде түсіндіретін боламын.” — деді Халдоон Әл Мубарак клубтың маусымдық қорытынды сұхбатында.
Бұл іс қазіргі таңда тәуелсіз комиссия қарауында. Көптеген заңгерлер мен сарапшылар бұл процесс 2025 жылдың соңына дейін жалғасуы мүмкін екенін айтады, себебі дәлелдер өте көп әрі кешенді.
Егер “Манчестер Сити” бұл істе кінәлі деп танылса, клубқа:
– Ұпай шегеру
– Айыппұл салу
– Титулдардан айыру
– Премьер лигадан шығару сияқты жазалар қолданылуы мүмкін.
Алайда, клуб өкілдері өздерінің кінәсіз екенін айтып, барлық айыптауларды жоққа шығарыпотыр. Бұған дейін де “Сити” УЕФА тарапынан санкция алғанымен, оны Спорттық төрелік сот арқылы жеңіп шыққан болатын.
Біздің серіктес: FONBET