
Қазақстан Премьер-лигасының 11-турындағы соңғы ойында жеңімпаз анықталмады.
Алғашқы минуттан қос команда шабуылға құрылған ашық ойын көрсетті. Бірінші таймда есеп ашылмады. Екінші таймның басында Дидар Жалмұқан «Қайсарды» алға шығарды. Алайда көп ұзамай, Дмитрий Шмидт қорғаушылардан сытылып шығып, есепті теңестірді.
Матчтың 87-минутында Максим Ковель «Жетісуды» алға шығарса, негізгі уақытқа қосылған жетінші минутта Темірлан Мұрзағалиев матчқа нүкте қойды.Есеп: 2:2.
Осы нәтижеден кейін «Қайсар» 11 ұпаймен, ал «Жетісу» 9 ұпаймен турнир кестесінің төменгі бөлігінде қалды.
«Қайсар» — «Жетісу» 2:2 (0:0)
Голдар: Жалмұқан, 57 минут (1:0), Шмидт, 67 минут (1:1), Ковель, 88 минут (1:2), Мұрзағалиев, 90+7 минут (2:2)
Біздің серіктес: FONBET