ФИФА Клубтар арасындағы әлем чемпионаты

31.05.2025, 22:00

Әдеттегі жағдайда бұл мезгіл – көптеген футболшылар үшін демалысқа кететін уақыт болса, өзгелері маусымның соңғы халықаралық деңгейде ұлттық құрамалармен ойындарына дайындалады.

ФИФА Клубтар арасындағы әлем чемпионаты

Алайда биыл бәрі өзгеше. Әлемнің әр түкпірінен 32 клубтан құралған жаңа форматтағы алғашқы кеңейтілген ФИФА Клубтар арасындағы әлем чемпионаты маусымның басты жарысына айналып отыр. Турнир 14 маусымда Майамиде басталады.

“Манчестер Сити” “Реал Мадрид”, “Пари Сен-Жермен”, “Бока Хуниорс”, “Аль-Хилал”, “Бавария”, “Челси” секілді футболдағы ең ірі клубтар бас қосып, жарыс 13 шілдеде Нью-Джерсидегіфиналмен аяқталады.

Реал Мадридтің басты мақсаты – чемпион атану

“Реал Мадрид” бұл турнирге ерекше маңыз беріп отырғанын жасырмайды. Тіпті клуб басшылығы бұл жарысты “маусымдағы ең маңызды турнир” деп атады.

Сәтсіз өткен маусымнан кейін, тізгінді жаңа бас бапкер Хаби Алонсо қолға алған соң, “Лос Бланкостың” трофейге деген шөлі бұрынғыдан да күшейе түсті.

Клуб басшылығы, жаңа форматтағы Club World Cup жарысының тұңғыш чемпионы атанудыүлкен бедел деп санайды. Тарихта қалай 1956 жылы алғаш рет Еуропа кубогын, 1960 жылы алғашқы Интерконтинентал кубогын жеңіп алған болса, дәл солай бұл турнирдің де дебюттік чемпионы болу олардың басты миссиясы.

Қаржылай ынталандыру 

Турнирдің беделінен бөлек, ақшалай сыйақы да өте мол. “Реал Мадрид” жеңіс үшін әр ойыншыға €1 миллион көлемінде бонус төлеуге шешім қабылдады.

ФИФА бұл турнирде футбол тарихындағы ең ірі жүлде қоры болатынын растады. Турнир топтық кезең мен плей-офф кезеңінен (барлығы 7 матчтан) тұрады.

Ақшалай сыйақылар

– Әрбір топтық кезеңдегі жеңіс – $2 миллион

(тең нәтиже болса – $1 млн әр командаға)

– 1/8 финалдағы жеңіс – $7.5 миллион

– 1/4 финалдағы жеңіс – $13.125 миллион

– Жартылай финалдағы жеңіс – $21 миллион

– Финалдағы жеңіс – $40 миллион

Бұған қоса, турнирге қатысқан әрбір клубқа €33.5 миллион көлемінде қатысу бонусыберіледі.

Жалпы есеппен – €140 миллионға дейін табыс

Егер клуб топтағы барлық 3 ойында жеңіске жетіп, турнирді жеңсе, жалпы табыс шамамен €140 миллион болады.

Команда Чемпиондар лигасын жеңіп, барлық топтық ойындарда жеңіске жетсе, ең жоғары жағдайда €100 миллиондай табыс табады. Яғни, Club World Cup қаржылай тұрғыдан әлдеқайда тиімді.

Бұл – тек негізгі сыйақылар. Ал жарнама, телехақы және басқа да табыстар арқылы бұл сома одан әрі өсе түсуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×