Ферран Торрес балалармен бірге жағажайды қоқыстан тазартты

18.07.2021, 20:05
Футболшы өзінің демалысын Валенсияда өткізуде.
Ферран Торрес балалармен бірге жағажайды қоқыстан тазартты

Еуропа чемпионатының жартылай финалындағы жеңілістен кейін Испания ұлттық құрамасының ойыншысы Ферран Торрес демалысқа кетті, бірақ Балиге емес, Валенсияға, онда футболшы уақытын (12-17 шілде аралығында) жас жанкүйерлермен бірге өткізді.

"Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы жағажайды пластик ыдыстардан тазартты. 40 баламен бірге Торрес жағажайға келіп, 13 қап қоқыс жинады.

Торрес жақында ғана 5 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға футболмен шұғылдануға мүмкіндік беретін лагерь ашқан болатын. Ферран өзінің твиттер парақшасында өзінің балаларға табиғатты таза ұстау арқылы үлгі болатынын жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×