ФИФА әлем чемпионатының билеттерін арзандатуға уәде берді

02.07.2013, 17:21
ФИФА әлем чемпионатының билеттерін арзандатуға уәде берді
2014 жылы Бразилия елінде өтетін футболдан әлем чемпионатының билеттері арзандатылмақ. Бұл жайында Халықаралық футбол федерациясы ассоциациясының өкілдері мәлімдеді деп хабарлайды Би-би-си.

ФИФА-ның бас хатшысы Валькенің айтуынша, барлық билеттің 70 пайызының құны төмендетіледі. Яғни, Бразилияда өтетін әлем чемпионатында сатылатын билеттер футбол тарихындағы ең арзан билеттер ретінде тарихта қалуы мүмкін. Бір билеттің нақты бағасы 19 шілдеде хабарланады деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бразилия қалаларында бірнеше күн бойына қарсылық акциялары жүріп, халық Әлем чемпионатына кететін үлкен шығынға наразылығын білдірген болатын. Өйткені, елдегі әлеуметтік жағдай жыл сайын төмендеп барады дейді сарапшылар.

бақ.кз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×