ФИФА «Ақтөбе» мен Чиприан Дяк арасындағы дауға қатысты шешім шығарды

29.03.2021, 22:49
Футболшы «Ақтөбе» сапында бір ғана маусым өткізді.
ФИФА «Ақтөбе» мен Чиприан Дяк арасындағы дауға қатысты шешім шығарды

ФИФА-ның дауларды шешу палатасы "Ақтөбе" футбол клубы мен Чиприан Дяк арасындағы дауға қатысты шешім шығарды.

"Ақтөбе" футбол клубының бұрынғы ойыншысы Чиприан Дяк (Румыния) ФИФА-ның дауларды шешу палатасына келісім-шартты еш себепсіз бұзылды деп тану туралы өтініш берген болатын. Алайда ФИФА футболшы Чиприан Дяктың "Ақтөбе" клубына қатысты шағымын қабылдамады.

Естеріңізге сала кетейік, Чиприан "Ақтөбеге" 2015 жылы ауысып келген болатын. Бұл клубта 18 матч өткізіп, 1 гол соқты. 2016 жылы "Тобылға" ауысты, ал бір жылдан кейін өз Отанына қайта оралды.

"Ақтөбе" футбол клубының баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×