Қазақстан жастар құрамасы Өзбекстанға есе жіберді

30.03.2021, 02:03
Жастарымыз Өзбекстанның U-23 құрамасымен ойнады
Қазақстан жастар құрамасы Өзбекстанға есе жіберді

Бүгін Қазақстан жастар (U-21) құрамасы Түркияда өтіп жатқан "Antalya Cup" турнирі аясында Өзбекстан (U-23) құрамасымен кездесті. Жастарымыз 2:0 есебімен қарсыласқа есе жіберді.

Өзбекстан құрамасы 47-минутта және матчтың қосымша уақытында гол соғып кетті.

Қазақстан U-21: Устименко (қ) - Скворцов, Кеңес (к), Жұмаханов, Асқаров - Ульшин, Прокопенко, Буранчиев, Кеңесов, Щашкен - Скорых;

Қосалқы құрам: Жомарт (қ) - Қайыркенов, Широбоков, Мұхамед - Бачек, Қараман, Зубайділдә, Хаджиев;

Бұл жастар құрамасының аталған турнирдегі соңғы ойыны болды. Солтүстік Македония құрамасынан басым түскенімен (2:1), Болгарияға есе жіберді (1:3).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×