«Шахтер» нигериялық футболшысын Бірінші лига клубына жіберді

30.03.2021, 03:52
21 жастағы футболшы «Шахтер» клубының негізгі құрамынан орын таба алмады.
«Шахтер» нигериялық футболшысын Бірінші лига клубына жіберді

Қарағандылық «Шахтер» жаңадан келген африкалық футболшы Джозеф Ада Оманы Бірінші лига клубына жіберді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Клуб басшылығы 21 жастағы футболшыны осы маусымға арналған тізімнен алып тастап, «Шахтер-Булат» клубына қосу туралы шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, «Шахтер-Булат» «Шахтер» клубының бір бөлігі болып табылады және Қазақстанның Бірінші лигасында ойнайды. Бұл дегеніміз, қарағандылық клубтың бас бапкері Әли Әлиев футболшыны кез-келген уақытта Қазақстан чемпионатындағы немесе Кубоктік матчқа шығара алады деген сөз, бірақ бұлай болуы екіталай, өйткені 21 жастағы Ада негізгі құрамда тек 11 минут қана ойнады.

Бұған дейін ойыншының агенті Дмитрий Селюк Ада Қазақстан біріншілігінің ең жылдам ойыншысы деп бірнеше рет айтқан болатын.

Трансферлік терезе жабылғанға дейін «Шахтер» командасының басшылығы мен бапкерлер құрамы Оманың орнына басқа легионер алуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×