ФИФА 2026 жылдың жазғы трансферлік терезесінің қорытындысы бойынша Қазақстан футболына қатысты есепті жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Деректерге сүйенсек, еліміздегі клубтар арасында ойыншыларды тегін, яғни еркін агент ретінде қатарға қосу үрдісі басым болып отыр.
Трансферлік есеп бойынша, Қазақстан клубтары жасаған ауысымдардың басым бөлігі бұрынғы клубтарымен келісімшарт мерзімі аяқталған футболшыларға тиесілі. Нақтырақ айтқанда, жазғы терезеде Қазақстандық клубтарға 50 еркін агент қосылса, тағы 28 ойыншы осындай мәртебемен клубтардан кеткен. Бұл көрсеткіш басқа трансфер түрлерімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.
Толыққанды сатып алу немесе ақылы трансферлер саны әлдеқайда аз. Трансферлік шарттармен бар болғаны 6 ойыншы келген. Дәл осындай шарттармен 3 ойыншы Қазақстаннан кеткен.
Жалға алу мәселесіне келсек, бұл кезеңде Қазақстандық клубтардың ішіне ешқандай ойыншы жалға алынбаған. Сонымен қатар, екі футболшы шетелдік клубтарға жалға берілсе, тағы төртеуі жалдау мерзімі аяқталып, шетелдік командаларына қайта оралған.
Осылайша, ФИФА деректері Қазақстан футболында клубтардың бюджетті үнемдеуге және еркін агенттер нарығына көбірек иек артатынын көрсетіп отыр.