«Бёрнли» бас бапкері Ники Хайен Чемпионшиптің бесінші туры аясында өткен «Бристоль Ситиге» қарсы ойыннан (1:2) кейін Дастан Сатпаевтың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бапкердің айтуынша, Қазақстандық форвард алған жарақатына байланысты бірнеше аптаға қатардан шығып қалды. Хайен футболшының маусым алдындағы дайындығы толық болмағанын, сондықтан ойыншыға түсетін салмақ пен оның денсаулығын сақтау арасындағы теңгерімді табу маңызды екенін атап өтті.
Дастан Сатпаев бұған дейінгі «Мидлсбромен» өткен ойында (1:1) алғашқы минуттан алаңға шығып, кездесудің үздік ойыншысы атанған болатын. Алайда, матчтың 81-минутында санның артқы бұлшықетін ұстап, алаңнан шығуға мәжбүр болды.
Кейінірек инсайдерлер оның тізе асты сіңірінің зақымдалғанын растап, соның салдарынан Сатпаев «Бристоль Ситиге» қарсы ойынға қатыса алмады. Бұған дейін ол қатарынан үш матчта «Бёрнлидің» негізгі құрамында алаңға шыққан еді.
Қазіргі уақытта футболшының денсаулығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ники Хайен Сатпаевтың команда үшін маңыздылығын және оны тезірек қатарға қосу үшін сақтық шараларын ұстанатынын жеткізді.