Дастан Сатпаевтың «Челсидің» негізгі құрамына ілігетіні болжануда

Бүгін, 14:32

Ислам Чесноков отандасы Дастан Сатпаевтың Англиядағы болашағына қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Дастан Сатпаевтың «Челсидің» негізгі құрамына ілігетіні болжануда

Оның пікірінше, Сатпаевтың Лондондық «Челси» клубының негізгі құрамына ілігуге толық мүмкіндігі бар.

Чесноков Сатпаевтың бойындағы физикалық және психологиялық қасиеттерін жоғары бағалады. Ол жас футболшыға жаңа ортаға бейімделу үшін сәл уақыт қажет екенін айта келе:

«Ол өте мықты футболшы, әрі физикалық, әрі ментальды тұрғыдан. Меніңше, ол сәл шыңдалып, бейімделіп алғаннан кейін «Челсидің» негізгі құрамына 100 пайыз ілігеді.» — деп мәлімдеді Ислам Meta-rating.kz сайтына берген сұхбатында.

Сонымен қатар Чесноков Сатпаевпен тығыз байланыста болмаса да, оның ойындарын мезгіл-мезгіл бақылап, сәттілік тілейтінін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×