
ФИФА президенті Джанни Инфантино Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың қайсысы үздік деген сұраққа нақты жауап бермей, екі футболшының да ұлылығын атап өтті.
“Екі ұлы ойыншы, екі керемет футболшы. Егер сен Португалдық болсаң – Роналдуды, Аргентиналық болсаң – Мессиді таңдайсың. Ал егер сен нағыз футбол жанкүйері болсаң, екеуін де бірдей көресің. Мен оларды бір командада көргім келеді. Елестетіп көріңізші – Месси мен Роналду бір командада ойнаса, бұл ерекше оқиға болар еді." – деді Инфантино танымал блогер IShowSpeed подкастында.
Біздің серіктес: FONBET