Юрген Клопп “Романы” жаттықтырмайтынын мәлімдеді

24.05.2025, 16:00

"Ливерпульдің" бұрыңғы бас бапкері Юрген Клопп БАҚ-та тарап кеткен Римнің "Ромасына" бапкер ретінде тағайындалуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.

Юрген Клопп “Романы” жаттықтырмайтынын мәлімдеді

"Мен “Романы” жаттықтыруды жоспарлап отырған жоқпын. Алдағы жылдары мен қандай да бір қызметке орналасқалы жатыр дегенді еститін болсаңыздар біліп қойыңыздар, бұл – өтірік.” – деп кесіп айтты Клопп журналистерге берген сұхбатында.

Бұған дейін бірнеше Италиялық және Британдық басылымдар 57 жастағы неміс маманның "Рома” басшылығымен келіссөздер жүргізіп жатқанын, ол жазғы үзілістен бастап клуб тізгінін ұстауы мүмкін екенін жазған болатын. Алайда Клопп бұл қауесеттердің жалған екенін ашық айтып, жақын арада бапкерлік қызметке қайта оралмайтынын нақты айтты.

Юрген Клопп 2024 жылдың мамыр айында "Ливерпульден" ресми түрде кеткен. Ол клубта 9 жыл жұмыс істеп, Премьер лига, Чемпиондар лигасы, Клубтық әлем чемпионаты және УЕФА Суперкубогы секілді ірі трофейлерді жеңіп алған.

Клубтан кеткеннен кейін Клопп өзінің ұзақ уақыттық демалыс алатынын, футболдан уақытша алыстап, тынығуға ниетті екенін мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×