Антонио Конте – Серия А-ны үш түрлі клубпен жеңіп алған тарихтағы алғашқы бапкер

24.05.2025, 14:30

Антонио Конте Серия А тарихында үш түрлі клубпен чемпион атанған алғашқы бапкер атанды. Ол бұған дейін "Ювентус" (2011–2014) және "Интер" (2020/21) командаларымен "Скудетто" жеңіп алған болатын. Ал енді "Наполиді" 2024/25 маусымында чемпиондыққа жеткізді.

Антонио Конте – Серия А-ны үш түрлі клубпен жеңіп алған тарихтағы алғашқы бапкер

"Наполи” маусымның соңғы турында "Кальяри” командасын 2:0 есебімен жеңіп, 82 ұпай жинап, "Интерден" бір ұпай алда чемпион атанды. Матчта Шотландиялық жартылай қорғаушы Скотт Мактоминей керемет соққысымен есеп ашты, ал екінші таймда Ромелу Лукаку есепті еселеді.

Бұл жеңіс "Наполидің" тарихындағы төртінші чемпиондығы. Команда бұған дейін 1987, 1990 және 2023 жылдары чемпион атанған. 

Конте бұл жетістікті "өте қиын” деп атап, ойыншылардың табандылығы мен жанкештілігін жоғары бағалады. Ол "Наполиде” жеңіске жетудің оңай еместігін айтып, командасының қажырлы еңбегіне мақтаныш білдірді.

Скотт Мактоминей маусымда 12 гол соғып, 6 нәтижелі пас беріп, Серия А-ның маусым ойыншысы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×