Әйгілі бразилиялық футболшы Зико Халықаралық футбол федерациясының президенті атану үшін бағын сынап көретін болады. Мұндай шешімге ол кеше Йозеф Блаттердің лауазымынан бас тартуынан кейін келіпті. Үндістанның Гоа футбол клубында жаттықтырушы болып жүрген 62 жастағы Зико өзінің Фейсбук парақшасында ФИФА президенті болуға қарсы емес екенін және сайлауға қатысатынын мәлімдеген.
Біздің серіктес: FONBET