ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ. «ҚАЙРАТ» ПЕН «АСТАНА» СЫРТ АЛАҢДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

03.06.2015, 21:43
ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ. «ҚАЙРАТ» ПЕН «АСТАНА» СЫРТ АЛАҢДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

қайрат

Футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалының алғашқы матчы ойналды. «Қайрат» сырт алаңда «Тобылмен» кездесті. Матчтың 14-минутында Жерар Гоу пенальтиден мүлт кетіп, есеп ашу мүмкіндігін пайдалана алмады. Есесіне 19 минутта Жерар Гоу қателігінің орнын толтырып, есеп ашты. 60 минутта Бауыржан Исламхан, 76 минутта Исаэл есепті еселеді. Қорытынды нәтиже 3:0, «Қайрат» финалға бір табан жақын. Ал «Ақтөбе» өз алаңында «Астанадан» жеңілді. Матчта 18 минутта Фокси Кетевоама есеп ашса, 38 минутта Біржан Құлбеков екінші голды салды. Осы есеп матч соңына дейін сақталды. Қарымта матч 23 қыркүйекте өтеді. Былтырғы кубокты Алматының «Қайраты» иеленген.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×