ФИФА президентінің орнына бразилиялық Зико таласып көрмек

03.06.2015, 20:35
ФИФА президентінің орнына бразилиялық Зико таласып көрмек

1403383798_zikoӘйгілі бразилиялық футболшы Зико Халықаралық футбол федерациясының президенті атану үшін бағын сынап көретін болады. Мұндай шешімге ол кеше Йозеф Блаттердің лауазымынан бас тартуынан кейін келіпті. Үндістанның Гоа футбол клубында жаттықтырушы болып жүрген 62 жастағы Зико өзінің Фейсбук парақшасында ФИФА президенті болуға қарсы емес екенін және сайлауға қатысатынын мәлімдеген.

"Неге бақ сынап көрмеске?! Менің өмірім түгелдей дерлік футболға арналды, мен бұл ойынды сүйемін. Футболға мен қай елде жүрсем де еңбегімді сіңіруге тырысып бақтым" деп атап өтті Зико әлеуметтік желі парақшасында. Зико өз дәуірінің ең мықты футболшыларының бірі. Ол бразилиялық "Фламенго" футбол" клубының бірнеше жыл бойына үздік ойыншысы саналған. Үш әлем чемпионатына қатысып, Бразилияның спорт министрі қызметін атқарды.
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×