«Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Филипп Фоден мен «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Мэйсон Гринвуд Англия құрамасының УЕФА Ұлттар лигасындағы матчтарына шақыртылмайды, деп хабарлады Sky Sports.
Дереккөздің хабарлауынша, команданың бас бапкері Гарет Саутгейт ойыншыларды шақыруды жоспарламайды, өйткені олардың қатысуымен болған жанжалды оқиғадан бері көп уақыт өтпеді. Еске салайық, қыркүйек айының басында карантин ережелерін бұзған жас ойыншылар ұсталған болатын.
Ұлттар лигасындағы Исландиямен болған (1:0) ойыннан кейін ойыншылар қыздарды команда орналасқан қонақ үйге алып келген. Сонымен бірге, бұл қыздар әлеуметтік желілердің бірінде қонақүйде футболшылармен түскен суреттерін жариялаған. Англия қүрамасы алдағы уақытта Уэльспен жолдастық кездесу өткізеді, сонымен бірге Ұлттар Лигасында екі кездесуі бар - Бельгия және Дания құрамаларымен.
Біздің серіктес: FONBET