Росс Баркли «Астон Вилла» ойыншысы атанды

30.09.2020, 22:57
«Челсиде» бұл ойыншы үшін әзірге орын жоқ.
Росс Баркли «Астон Вилла» ойыншысы атанды

«Челсидің» жартылай қорғаушысы Росс Баркли 2020/2021 жылғы маусымды «Астон Виллада» өткізеді. "Аристократтар" ойыншыны жалға берді.

«Росс деңгейіндегі ойыншыны алу - бұл біздің клуб үшін нағыз төңкеріс, және мен оның бұл жерде жетістікке жететініне және біздің командамызды жақсарта түсетініне сенімдімін», - деді Дин Смитт клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Баркли - "Эвертон" футбол клубының түлегі, Росс бұл клубта 2018 жылға дейін ойнады. Жартылай қорғаушы 2018 жылдың жазында «Челсиге» 16,8 миллион еуроға ауысып келді. "Көктер" үшін Росс 86 матч өткізіп, 11 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді. 2020/2021 жылғы маусымда 26 жастағы ойыншы үш рет алаңға шығып, бір гол соқты. Transfermarkt интернет-порталы жартылай қорғаушының қазіргі трансферлік құнын 21,5 миллион еуроға бағалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×