«Қыран» жеңіліп, «Ақтөбе» жеңіске жетті

30.09.2020, 23:18
«Қыран» бүгін «Мақтааралдан» 1-2 есебімен жеңілген болатын.
«Қыран» жеңіліп, «Ақтөбе» жеңіске жетті

"Ақтөбе" футбол клубы Бірінші лиганың 6-турында "Арыс" клубынан басым түсті. Шымкенттегі "Биік" стадионында өткен матч 2-1 есебімен аяқталды.

"Ақтөбе" ойын бастала салысымен жылдам гол соғып алды. Гол авторы - Максим Самородов. Бірінші тайм аяқталар тұста "Арыс" ойыншысы Нкоби есепті теңестіріп кетті. 88-минутта Ардақ Сәулет гол соғып, "Ақтөбеге" үш ұпай сыйлады.

Бұл жеңістен кейін ақтөбелік команда 11 ұпаймен екінші орынға тұрақтады. Бір ұпайдан қағылған "Арыс" үшінші орында келе жатыр. "Қыран" 13 ұпаймен көш басында тұр. Бірақ "Ақтөбенің" қоржынында ойналмаған бір матч бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×