Филип ЭДЕЙПО: Қазақстанға қайта оралғым келеді

27.06.2013, 21:23
Филип ЭДЕЙПО: Қазақстанға қайта оралғым келеді

Филип Эдейпо қазақстан футболына таныс ойыншы. "Қайсар" командасында екі маусым бойы тер төккен футболшы осы күндері Нигерияда жүр. Филиптің айтуы бойынша ол "Қайсар" - "Ордабасы" арасындағы ойында жарақат алыпты. Содан кейін ол қазақстанға қайта оралғысы келетіндігін айтады. Филиппен болған сұқбатымызды ел назарына ұсынғанды жөн санадық. Себебі, ол қазақстандағы бір клубта футбол ойнағысы келетіндігін жасырмады. Бәлкім клуб басшылары мен бапкерлерінің Эдейпоға қызығушылығы арта жатар. 

- Филип, сен Нигерияға неліктен кетіп қалдың?

- Мен "Қайсар" мен "Ордабасы" арасындағы ойында жарақат алдым. Содан бері отанымда емделудемін. Және осы күндері жарақатымнан айығып, футбол ойнауды қайта бастадым. Cол ойында тіземді жарақаттап алдым. Енді барлығы да ойдағыдай. Ең бастысы 100 пайыз футбьол ойнай алатын жағдайға жеттім. Денсаулығым орнында деп айта аламын.

- Сен 2 жыл бойы Қазақстанда біраз үйренісіп алған едің, енді қайтадан біздің елге оралғың келе ме?

- Иә, әрине. Қазақстандағы өмір өте керемет. Маған ол жақта барлығы да ұнайтын еді. Егер "Қайсар" командасы мені қайта шақырса, ойланбастан келісер едім. Оның үстіне кішкене орысша да тіл сындырып келе жатқанмын.

- "Қайсар" биыл 1-лигаға түсіп қалды. Одан өзге премьер-лига ұжымдары шақырса ше?

- Маған Қазақстандағы кез-келген клуб ұнайды. Онда футболға деген көзқарас басқаша. Нигерияда мысалы олай емес. Мен қазақстан футболында ең жылдам ойыншылардың бірі болдым. Ал Нигерияда менен де жылдам ойыншылар жеткілікті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
Трансферлер құны
Серіктес жаңалықтары
×