Трансферлер құны

27.06.2013, 21:27
Трансферлер құны
Қазіргі уақытта Бельгия құрамасы Еуропадағы беделді командалардың біріне айналды. Беделі асқаны былай тұрсын ойыншыларының өзі әлемдегі үздік клубтарында атағын жар салып жүр. ЕУРО-2008 додасының іріктеу кезеңінде біз қазақтар осы Бельгия құрамасымен тең ойнап (2:2) қарсыласпен тең дәрежеде ойын өрнегін көрсеткен болатынбыз. Кім білген Бельгиялықтардан Азар, Витцель сынды талантты футболшылар шығатынын.Ендігі кезекте Бельгия құрамасының ең қымбат ойыншыларына тоқталып кетсек. Эден Азар-франсуздық "Лилль" клубынан "Челси" командасы былтыр 40 млн. еуроғ сатып алған болатын. Эден "Челсидегі" осы жылғы маусымын асқан табындылықпен аяқтаған болатын. Қазірде Хуан Мата мен Эден Азарды "Ақсүйектердің" маторы десекте болады. Аксель Витцель-лиссабондық "Бенфикадан" петерборлық "Зенитке" 40 млн. еуромен ауысқан болатын. Естігенде боларсыз Витцельдің осы жылы клубтан кетуі мүмкін екені туралы сыбыс шыққан болатын. Ромелу Лукаку-белгиялық "Андрлехт" клубынан "Челсиге" 2011 жылы 22 млн. еуромен келген болатын. Ромелу "Челси" сапында әліге дейін ойын өткізбеген, алғашқы маусымын қосалқы құрамда болып өткізсе, екінші маусымында "Вест Вромбичке" жалға берілген екен. Ендігі уақытта Лукаку "Челсидің" жаңа бапкері болған Жозе Мауриньоның ықыласына бөленіп ойнасам деген ойы да бар. Маруан Феллайни- "Стандардтан" "Эвертонға" 21,8 млн. еуроға келген болатын. Өте үнемшіл "Эвертон" ақшасын босқа шашпағаны белгілі. Қазірде Маруан ағылшын премьер-лигасындағы көшбасшы футболшылардың біріне айналды. Өздеріңізге мәлім Феллайни осы жылы командадан кететіні белгілі, егерде футболшы үлкен соммамен басқа клубқа ауысып жатса таң қалмаңыздар. Мусса Дембеле-"Фулхэмнен" "Тоттенхэмге" 19 млн. еуромен ауысқан бұл футболшы 2012 жылы жақсы ойын өрнегін көрсетіп көптеген командалардың қызығушылығын танытқан болатын. Бельгиялықтардың талантты футболшыларының бірі десекте аздық етпейді. Ян Вертонген-нидерландық "Аякстан" лондондық "Тоттенхэмге" 12,5 млн. еуроға ауысқан болатын. Белгиялықтардың жас талантты қорғаушысы осы маусымда Виллаш-Боаштың сеніміне кіріп "Тауықтардың" көшбасшы футболшыларының біріне айналған болатын. Томас Вермален-"Аякстен" лондондық "Арсеналға" 2009 жылы 12 млн. еуромен ауысқан. Тағы бір бельгиялықтардың орталық қорғаушысы соңғы кездері футбол базарындағы командалардың көзіне түсіп жүр. Томас "Арсеналда" көп уақыт капитан атанып команданы алға сүйреген болатын. Алайды осы маусымда қосалқы құрамда орын алуға тура келді. Ендігі түйін сөз Бауыржан Исламхан сынды жас таланттарымыз Еуропаның ортаңқол не үздік командаларында доп теуіп Қазақ елін алпауытты құраманың біріне айналдырса екен деп тілейміз.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×