Криштиану Роналдуның «егізі» пайда болды

27.06.2013, 22:48
Криштиану Роналдуның «егізі» пайда болды
Португалдық аяқдоп шебері Криштиану Роналдуның "егізі" пайда болды. Оның балауыздан жасалған мүсіні Нью-Йорктегі Мадам Тюссо мұражайына қойылған деп жазады cosmo.kz.

Криштианудың қазіргі түрінен "жас" көрінетін мүсінді жасау үшін мұражай мамандары төрт айдан артық уақыттарын жұмсапты. Мүсіншілер Роналдуның ойын кезіндегі келбетін, яғни доп пен ойын формасында тұрғанын бейнелеген.

Атақты футболшының өзі ат басын бұра алмаса да, тұсаукесер рәсіміне оның 50-ден астам жанкүйері жиналды.

Мадам Тюссо мұражайының директоры ДиДжиаккиноның айтуы бойынша, белгілі спортшының мүсінін келесі жылы Бразилияда өтетін футболдан Әлем чемпионатына дейін жәдігерге айналдыруды жөн көріпті.

 
Мақпал ЖҰМАШОВА
bnews.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Трансферлер құны
Серіктес жаңалықтары
×