Чемпиондар лигасының финалдық бәсекесі қарсаңында Мадридтік "Реал" бапкері Зинедин Зидан командасы үшін қарсыластың қалай ойнайтыны маңызды емес екендігін жеткізді. Мадридтік ұжым жаттықтырушысы "Реалға" деген үлкен құрметін жасырған жоқ. "Реал" шабуылшысы Криштиану Роналду кездесу қарсаңында өзін жақсы сезінетінін айтса, команда капитаны Серхио Рамос финалдағы жеңістен кейін арманы болмайтынын мәлімдеді. Финалдағы жеңістен кейін "Тіпті, өліп кетсем де өкінбесе едім" деген болатын ол.
Соңғы аптаның басында Лига финалының алдында «Реал» Мадрид маңындағы «Valdebebas» әсерлі спорт кешенінде өзінің ашық жаттығуын өткізді. Зинедин Зиданның Испаниядағы жеңісінен кейін жаттықтырушылар штабы қысқа мерзімді үзілісінен кейінгі алғашқы жаттығу болды. Футболшылар демалыстарын яхталар және виллаларда өткізді.
[embed]https://www.instagram.com/p/BUpjFzLDr95/[/embed] [embed]https://www.instagram.com/p/BUuQWCLlUOg/[/embed] [embed]https://www.instagram.com/p/BUooAEPFmZD/[/embed]Теңіздегі демалыстарынан кейін спортшыларға физикалық және психикалық тұрғыдан жаттығумен айналысу қиынға түсті, сол себепті Зидан жаттығудың алдында "нағыз жаттығу ертеңнен басталады" деп ескертті. «Тек содан кейін біз, жұмыс жайында, қарсылас турасында ойлана бастаймыз», - деді француз "Marca" газетіне.
Осы жолы «мадридтіктер» ауыр жарақаттар жасамай, тек допты қақпаға теуіп, емін-еркін жүрді. Түрлі қызықты жаттығулар жасап, жаттығуды ерте аяқтады. Ал жарақатынан айыққан Гарет Бэйл мен Дани Карвахаль физикалық жаттығуларды өзгелермен теңдей жасады. Яғни, финалдық ойында екеуі де алаңға шығып жатса, таңқалмаймыз. Әсіресе, Гарет Бэйл белсенді болды. Ол өзінің отаны Уэльсте өтетін финалда алаңға шыққысы келеді. Алайда, ол оңай болмайды. Себебі, Гарет 23-сәуірден бері алаңға шықпады. 33-тур ойынында "Барсаға" қарсы матчта жарақат алған Бэйл "Реалға" келгелі бері 17 рет жарақат алды. Оның үстіне Гаретті алмастырған Иско қатты ойнап кетті. Дегенмен, Зиданның да өз білгені бар. Ол маусым соңына қарай негізгі құрамды қосалқы ойыншылармен жиі алмастырып, "негізгі құрамның" кімдер екенін жұмбаққа айналдырды. Сондықтан да, 100 пайыз алаңға Иско шығады деу де қиын.
Жаттығудан кейін жорналшылармен кездескен Зидан әдеттегідей жалтарып сөйледі. "Баспасөздегі пікірлер маған еш әсер етпейді. Иско мен Бэйлдың екеуі де қазір ойнай алатындардың қатарында. Демек, финал алдында ғана шешім шығарамын" деді. Айта кетейік, мадридтің ең танымал газеті As сауалнама жасады. Онда 91,18% респондент алаңға Иско шықсын деп айтыпты. Ал дауыс бергендердің тек 8,82% Бэйл шықсын деген.
Зиданның "Ювентуспен" де қатынасы мықты екенін ескеруіміз керек. Ол осы команда сапында 5 маусым ойнады. 151 матчта алаңға шығып, 2 мәрте Италия чемпионы атанды. "Ювентус" әлемдегі даңқты клубтардың бірі. Финалда фаворит деген болмайды. Мені мазалайтыны тек біз солардың қорғанысын бұзуымыз. Олар екі немесе үш орталық қорғаушымен шығады. Алайда, ең бастысы сол қорғаныстан өте алуымыз болады" деді даңқты ойыншы, қазіргі бапкер.
"Реал" деген кезде ең алдымен көзіміз Криштиану Роналдуға түседі. Мамыр айындағы 6 ойында сегіз гол соққан португалиялық қазір керемет бабында. Оның "Атлетико" мен "Бавария" қақпасына соққан хет-триктері оның аңыз ойыншы екенін дәлелдеді. Ал команда капитаны Серхио Рамос болса, Кубокты екі жыл қатарынан жеңуіміз керек деді. "Финал алдында бізде қосымша мотивация бар. Егер екі рет қатарынан чемпиондар лигасын жеңсек, онда біз тарихқа енеміз" деді. Ал Роналду болса "4 жылда 3 рет Чемпиондар лигасын жеңсем - тіпті тамаша болар еді. Ондай жетістікке жеткен ойыншылар некен-саяқ" деді.
Бүгінгі мақаламызда біз "Реал" Мадрид жайлы шолу жасадық. Ал "Ювентус" командасы да еш дайындықсыз бей-қам жүрген жоқ. Ал финалда кім жеңетін тек бір Алла ғана біледі.
Біздің серіктес: FONBET