ФОЭнің қайтыс болғанына 10-жыл толды

26.06.2013, 22:14
ФОЭнің қайтыс болғанына 10-жыл толды

Міне дәл бүгін осымен он жыл болды 2003 жылы болған Конфедерация Кубогінің жартылай финалында кездескен Камерун-Колумбия матчында кенеттен оқыс жағдай орын алған болатын. Камерун құрамасының хабвегі Марк-Вивьен Фоэ кенеттен алаңның қақ ортасында ажал құшқан болатын. Ойынның 72-минуты жартылайқорғаушы жасыл алаңның қақ ортасында талып қалған болатын. Дәрігерлер алаңда жатқан ойыншының есін жидыруға әлек болуда, дәрігерлер алаң жиегіне футболшыны алып шығып медициникалық жәрдем беруде, алайда бәріде кеш болды дәрігерлер футболшыны аман алып қала алмады. Міне, осылайша футболшының ғұмыры жасыл алаңның ортасында аяқталған болатын.

Фоэ футболдағы карьерасын франсуздық қос клуб "Ланс" пен "Лионда" жәнеде Ағылшын премьер-лигасының "Вэст Хэм" мен "Манчестер Сити" командаларында доп тепкен болатын. Ол Франция чемпионатын 2 рет бағындырып, Камерун құрамасымен бірге 2000-2002 жылы Африко чемпионы атанған болатын. Қазірде "Манчестер Сити" клубы қаза болған футболшыны құрметтеп командада киген 23-нөмірін сақтап қойған болатын. Осындай игі істі "Ланс" командасыда жасаған болатын. Ол франсуздық клубта 17-нөмірді киген екен. Егерде болған жағдайды көргілерініз келсе YouTobe-ден көруге болады.

Саламат Оңалдықов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×