France Football тарихтағы ең үздік қақпашыны анықтады

15.12.2020, 02:54
Бұл номинацияға КСРО-ның бұрынғы қақпашысы ие болды.
France Football тарихтағы ең үздік қақпашыны анықтады

Кеңестік қақпашы Лев Яшин Францияның беделді France Football басылымының нұсқасы бойынша футбол тарихындағы үздік қақпашы деп танылды.

Басылым дауыс беру арқылы жеңімпазды анықтады. Ал тізімде Яшиннен бөлек, Джанлуиджи Буффон (Италия), Мануэль Нойер (Германия), Дино Дзофф (Италия), Эдвин ван дер Сар (Нидерланды), Петр Шмейхель (Дания), Том Н'Коно (Камерун), Зепп Майер (Германия), Икер Касильяс (Испания) және Гордон Бэнкс (Англия) болды. Басылым әлемдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының 177 журналисті арасында сауалнама жүргізді, олар әр позицияға тарихтағы ең үздік ойыншыны таңдады.

Яшин бүкіл мансабында Мәскеулік "Динамоның" намысын қорғады. Ол 1954-1970 жылдар аралығында КСРО құрамасына шақыртылды. Ұлттық құрамамен бірге ол 1960 жылы Еуропа чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×