Қазақстан әйелдер құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

15.12.2020, 02:27
Бұған дейін құраманы Иван Азовский жаттықтырған еді.
Қазақстан әйелдер құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясының штаб-пәтерінде Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері таныстырылды.

Команданы тәжірибелі болгариялық маман Калоян Петков жаттықтырады. Ол Шымкенттің «БИІК-Қазығұрт» әйелдер футбол клубын ұзақ жылдар бойы жаттықтырып келді.

Сонымен қатар, Петков 2012-2016 жылдар аралығында Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметін атқарған.

«БИІК-Қазығұртты» жаттықтырған Калоян Петков Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанып, сонымен қатар ел кубогы мен суперкубогында топ жарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×