Франк Рибери Германия азаматтығын алуға ниетті

27.02.2015, 04:23
Франк Рибери Германия азаматтығын алуға ниетті
Футболдан Франция құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы мен Мюнхэннің «Бавария» клубының белді футболшысы Франк Рибери Германия азаматтығын алуға қарсы емес екендігін айтты — Франция құрамасынан кетуіме ешкім түрткі болған жоқ. Бұл менің өз шешімім. «Бавария» - тек Германиядағы емес, бүкіл әлемге танымал клуб. Сондықтан да мен еді бар күшімді «Бавария» сапында жақсы өнер көрсетіп, көптеген табыстарға қол жеткізу үшін жұмсаймын. Германия азаматтығын алу дейсіз бе? Неге алмасқа? Өйткені, мен Германияда бақыттымын. Егер, мен Германия азаматтығын қабылдайтын болсам, онда бұл қадамға тек отбасымның игілігі үшін барамын. Мен мұнда керемет үй сатып алдым. Неміс менталитеті де көңілімізден шығады. Оның үстіне менің үшінші ұлым Салиф Германияда дүниеге келді. Алдағы уақытта ол Германияның намысын қорғап қалуы мүмкін, - дейді Франк Рибери Bild басылымына берген сұхбатында.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×