Франц Беккенбауэр: «Мен «ПСЖ-ның» әлсіз тұстарын таба алмадым»

22.08.2020, 17:04
Флик қарсыластың әлсіз жақтарын таба ала ма?
Франц Беккенбауэр: «Мен «ПСЖ-ның» әлсіз тұстарын таба алмадым»

Мюнхендік "Баварияның" құрметті президенті Франц Беккенбауэр Чемпиондар лигасының финалындағы «Пари Сен-Жерменге» қарсы болатын матч туралы пікір білдірді.

«Мен "ПСЖ" матчтарын қарадым - мықты команда. Мен Париждіктердің әлсіз жақтарын таба алмадым және олар көптеген тосынсый жасауы мүмкін. Бұл биылғы Чемпиондар лигасындағы ең қиын матч болады. Екі команда да бір-біріне лайықты құрмет көрсетпейді және осы уақытқа дейін қалай ойнады, солай ойнайды деп сенемін. Сол кезде біз керемет финалды көреміз», - деді Беккенбауэр «Баварияның» ресми сайтына берген сұхбатында.

Чемпиондар лигасының «ПСЖ» - «Бавария» арасындағы финалдық матчы 23 тамыз күні Лиссабондағы (Португалия) "Да-Луш" стадионында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×