Қазақстандық ойыншы Ресей клубына ауысты

22.08.2020, 18:52
Футболшы бұл маусымды «Ертісте» бастаған еді
Қазақстандық ойыншы Ресей клубына ауысты

"Ертіс" клубының шәкірті және бірқатар қазақстандық командалардың бұрынғы ойыншысы Тимур Байжанов Ресейдің екінші дивизионының клубы - "Тюменьмен" келісімшартқа отырды. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет хабарлады.

Қазақстан құрамасында бір матч өткізген «Қайраттың» 30 жастағы бұрынғы жартылай қорғаушысы жаңа клубта тоғызыншы нөмірмен ойнайды және командаға шақыртылып үлгерді.

Байжанов ағымдағы маусымды қаржылық қиындықтарға байланысты чемпионаттан көктемде шығып кеткен "Ертісте" бастады. Айта кетейік, «Тюмень» ПФЛ-де ойнайды, кестеде төртінші орында келе жатыр, бұл командада тағы бір қазақстандық - «Оқжетпестің» тәрбиеленушісі Антон Куксин өнер көрсетеді. Ертең, 23 тамызда "Тюмень" "Новосибирск" клубына қарсы ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×