«ПСЖ»-ның Бенжамен Паварға көзі түсті

22.08.2020, 19:31
Франциялық қорғаушы мансабын өз елінің командасында жалғастыруы әбден мүмкін.
«ПСЖ»-ның Бенжамен Паварға көзі түсті

"Баварияның" қорғаушысы Бенжамен Павар "ПСЖ"-ның қызығушылығына тап болды. Мюнхендіктер 24 жастағы ойыншыны 45 миллион еуроға сатуға қарсы емес. Жақын уақыттарда париждіктер ресми ұсыныс жібереді деп күтілуде. Бұл туралы L'Equipe басылымы жазып отыр.

Айта кетейік, аталмыш қос команда 23 тамыз күні Чемпиондар лигасының финалында күш сынасатын болады. Және осы кездесуге жарақатынан айыққан Павар да қатыса алады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×