Франция чемпионатының осы маусымдағы үздік ойыншысы анықталды

19.05.2022, 16:53
Футболшы бұл сыйлықты үшінші жыл қатарынан алып отыр.
Франция чемпионатының осы маусымдағы үздік ойыншысы анықталды

«Пари Сен-Жерменнің» шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция чемпионатының осы маусымдағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды турнирдің баспасөз қызметі.

Мбаппе бұл сыйлықты үшінші жыл қатарынан алып отыр. Оның негізгі бәсекелестері Виссам Бен Йеддер және Мартин Терье болған еді. Бірақ жүлде қайтадан ПСЖ шабуылшысына бұйырды.

Еске салайық, осы маусымда «Пари Сен-Жермен» сапында Мбаппе барлық турнирлерде 45 матчқа қатысып, 36 гол мен 26 нәтижелі пастың авторы атанды. Осы жылдың 30 маусымында оның париждік клубпен келісім-шарты аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×