«Айнтрахт» - Еуропа лигасының жеңімпазы

19.05.2022, 09:04
Жеңімпаз пенальти сериясы арқылы анықталды.
«Айнтрахт» - Еуропа лигасының жеңімпазы

Бүгін, 19 мамырда Севильядағы «Рамон Санчес Писхуан» стадионында «Айнтрахт» пен «Рейнджерс» арасындағы Еуропа лигасының финалдық ойыны өтті. Командалар негізгі және қосымша уақытта жеңімпазды анықтай алмады (1:1). Ал матчтан кейінгі пенальти сериясында «Айнтрахт» 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Ойындағы алғашқы голды «Рейнджерстің» жартылай қорғаушысы Джо Арибо 57-минутта соқты. Бірақ 70-минутта «Айнтрахттың» шабуылшысы Рафаэль Борре жауап қатты.

Матч соңындағы лотереяда «Рейнджерстің» жартылай қорғаушысы Аарон Рэмзи өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Франкфурттық клуб сапында Борре шешуші соққыны голға айналдырып, командасына жеңіс сыйлады.

Кездесуге Славко Винчич бастаған словениялық төрешілер тобы қызмет етті. Оған қос қапталдан Томаш Кланчник пен Андраж Ковачич көмектесті. Резервтегі төреші қызметін Срджан Йованович атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×