Қазақстан жастар құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

19.05.2022, 00:44
Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері маусым айында екі ойын өткізеді.
Қазақстан жастар құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Дания және Түркия құрамаларымен өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Тізімге 22 футболшы енді.

Қақпашылар: Данил Устименко, Темірлан Анарбеков (екеуі де - «Қайрат»), Данила Карпиков («Шахтер»);

Қорғаушылар: Дінмұхаммед Қашкен («Жальгирис», Литва), Александр Широбоков («Қайрат-Мәскеу», Ресей), Жалғас Жақсылықов («Тараз»), Арсен Буранчиев, Дамир Қасаболат (екеуі де - «Қайрат»), Лев Скворцов («Тұран»), Сағи Совет («Астана»), Жасұлан Жұмашев («Тобыл»);

Жартылай қорғаушылар: Сұлтан Сағнаев, Владислав Прокопенко, Станислав Басманов (барлығы - «Астана»), Данияр Үсенов, Еркебұлан Сейдахмет (екеуі де - «Қайрат»), Анатолий Красотин («Ақсу»), Дінмұхаммед Қараман («Тараз»), Әділбек Жұмаханов («Қайсар»);

Шабуылшылар: Данил Анкудинов («Шериф», Молдова), Иван Свиридов, Абылайхан Назымханов (екеуі де - «Шахтер»);

Резерв:

Қорғаушылар – Асқар Сатышев («Гранада», Испания), жартылай қорғаушылар – Дамир Марат («Ақсу»), Муроджан Халматов («Ордабасы»), Мейрамбек Қалмырза («Оқжетпес»), Вячеслав Швырев («Қайрат»);

Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Нұрдәулетов – аға бапкер, Асқар Ыдырысов – аға бапкердің көмекшісі, Нұрбол Жұмасқалиев – аға бапкердің көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылардың жаттықтырушысы.

Қазақстан U-21 жастар құрамасы 4 маусым күні сырт алаңда Даниямен ойнайды. Ойын Вайле қаласында өтеді. Кездесу елорда уақытымен 19:00-де басталады. 

10 маусым күні Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері Түркияға қарсы ойнайды. Ойын Ыстанбұл қаласында «Реджеп Тайип Эрдоган» стадионында өтеді. Матч елорда уақытымен 23:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×