Қазақстан кубогі топтық кезеңінің жеребесі тартылды

18.05.2022, 21:27
Топтық кезеңнің ойындары 8 шілде мен 14 тамыз аралығына жоспарланған.
Қазақстан кубогі топтық кезеңінің жеребесі тартылды

Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстан кубогінің топтық кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті.

Топтық кезеңге 16 клуб қатысады. Атап айтсақ, Премьер-лиганың 14 командасы және іріктеу кезеңінен іркілмей шыққан «Жетісу» мен «Қайсар» клубтары.

Әр команда өз тобында 6 кездесу өткізеді. Өз топтарында бірінші және екінші орын алған 8 команда келесі кезеңге өтеді. Топтық кезеңнің ойындары 8 шілде мен 14 тамыз аралығына жоспарланған.

Жеребе нәтижесі мынадай:

«А» тобы:

  • «Қайрат»
  • «Ордабасы»
  • «Атырау»
  • «Ақсу»

«В» тобы:

  • «Қызыл-Жар»
  • «Каспий»
  • «Ақжайық»
  • «Қайсар»

С тобы:

  • «Тобыл»
  • «Тараз»
  • «Мақтаарал»
  • «Ақтөбе»

D тобы:

  • «Астана»
  • «Шахтер»
  • «Тұран»
  • «Жетісу»
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×