«Манчестер Сити» «Барселона» түлегін сатып алмақ

18.05.2022, 20:26
Гвардиола Бенжамин Мендидің жоқтығына байланысты қорғаныстың сол қапталын нығайтқысы келеді.
«Манчестер Сити» «Барселона» түлегін сатып алмақ

«Манчестер Сити» «Барселонаның» 23 жастағы түлегі, «Брайтон энд Хоув Альбион» клубының ойыншысы Марк Кукурельяны сатып алу арқылы сол қапталды нығайтуға тырысады, деп хабарлайды Daily Mail.

Дереккөз атап өткендей, Гвардиола өз командасынан жеңіске деген құлшынысы көп ойыншыларды көргісі келеді және Каталония академиясынан шыққан Кукурелья осы талаптарға сай келетін тамаша үміткер болуы мүмкін.

«Брайтон» Марк үшін 36 миллион еуро сұрауда. Бірақ бұл «қалалықтар» үшін кедергі емес.

Айта кету керек, «Манчестер Ситидің» сол қапталында ойнайтын Бенжамин Менди қылмыс жасауына байланысты уақытша футболдан шеттетілді. Ал украиналық қорғаушы Александр Зинченкоға Гвардиола негізгі құрамнан орын беруге дайын емес. Сол себепті қазір бұл позицияда оқ қапталда өнер көрсететін Жоао Канселу ойнап жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×