Роберт Левандовски «Барселонамен» мәмілеге келді

18.05.2022, 20:00
Енді каталондық клуб «Бавариямен» трансфер сомасы жайлы келісу қажет.
Роберт Левандовски «Барселонамен» мәмілеге келді

Мюнхендік «Бавария» мен Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски жақын арада «Барселонаға» ауысады, деп жазады журналист Николо Скира өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Дереккөздің хабарлауынша, поляк футболшысы каталондық клубтың 2025 жылға дейін есептелген келісім-шартын қабыл алған. Енді «Барселона» трансферді аяқтау үшін «Бавариямен» нақты мәмілеге келуі тиіс.

Еске салайық, Левандовски «Баварияға» 2014 жылы дортмундтық «Боруссиядан» ауысқан болатын. 33 жастағы шабуылшының мюнхендік клубпен келісім-шарты 2023 жылдың жазында аяқталады. Левандовски осы маусымда Бундеслигада 34 ойынға қатысып, 35 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×