Франция чемпионатының тамыз айындағы үздік ойыншысы анықталды

24.09.2021, 20:03
Килиан тамыз айында үш гол соқты.
Франция чемпионатының тамыз айындағы үздік ойыншысы анықталды

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция чемпионатының тамыз айындағы үздік ойыншысы атанды. 22 жастағы француз 43% дауыс жинады.

Өткен айда Мбаппе Лига1-де төрт ойынға қатысып, үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Дауыс беру кезінде екінші орынды "Марсельдің" жартылай қорғаушысы Димитри Пайет алды, ол 36% дауысқа ие болды, "Клермон" шабуылшысы Мохамед Байо үздік үштікті түйіндеді - 22%.

Мбаппенің ПСЖ-мен қазіргі келісім-шарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Жазда Мбаппе "Реалға" кетуі мүмкін еді, бірақ ойыншының команда ауыстырғысы келетініне қарамастан, париждіктер мадридтік клубтың ұсынысын қабылдамады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×