«Лион» ойыншысы финт жасағаны үшін сары қағаз алды

24.09.2021, 15:35
Неймар өз отандасын жақтап, сары қағаздың әділ еместігін айтты.
«Лион» ойыншысы финт жасағаны үшін сары қағаз алды

ПСЖ шабуылшысы Неймар Франция чемпионатында дриблинг жасаған "Лион" ойыншысы Лукас Пакетаның сары қағаз алғанына ашуланды.

Франция чемпионатының 7-ші турында "Tруа" командасымен болған кездесуінде ол қарсыласынан өту үшін дүйім жұртқа "радуга" деген атпен танымал финтті жасауға тырысты, бірақ бұл үшін кездесудің бас төрешісі Стефани Фраппар ескерту қағазын көрсетті

"Көңіл-күйді түсіретін оқиға, дриблинг үшін сары қағаз берілді. "Радуга" - бұл қай жерде және қай уақытта орындаса да, қарсыластан өтудің бір әдісі. Өткен маусымда менде де осындай жағдай болды. Бұл жолы Пакета осы жағдайға душар болды. Мен мұның себептерін түсінбеймін. "Әдемі ойнау" деген қағида енді жоқ. Бірақ әдемі ойын анда-санда болып тұрады", - деп жазды Неймар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×