УЕФА Ұлттар лигасы аясында Бельгия мен Франция құрамалары арасында жартылай финалдық ойын өтті. Италиядағы "Альянц" стадионында (Турин) өткен кездему 3:2 есебімен Франция құрамасының пайдасына аяқталды.
Бельгия ұлттық құрамасының ойыншысы Янник Феррейра Карраско 37-минутта есеп ашты. 3 минуттан кейін Ромелу Лукаку командасының екінші голын соқты.
62-минутта Франция ұлттық құрамасының ойыншысы Карим Бензема есеп айырмасын қысқартты. Арға жеті минут салып Бенземаға нәтижелі пас берген Килиан Мбаппе пенальтиді сәтті орындады. Осыдан кейін Тео Эрнандес 90-минутта жеңіс голын соғып, Францияны финалға алып шықты.
Дидье Дешам шәкірттері ақтық сында Испния құрамасымен шеберлік байқасады. Финалдық матч 10 қазанда өтеді.
Біздің серіктес: FONBET