«Ньюкасл Юнайтед» клубын Сауд Арабиялық компания сатып алды

08.10.2021, 14:48
Олар аталмыш клубты алу үшін 350 миллион еуро төледі.
«Ньюкасл Юнайтед» клубын Сауд Арабиялық компания сатып алды

Сауд Арабиясы үкіметінің инвестициялық қоры (PIF) англиялық «Ньюкасл Юнайтед» клубын сатып алды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды.

«Біз клубқа біртұтас философияны енгізуді, нақты мақсат қоюды және «Ньюкасл Юнайтедке» ұзақ мерзімді перспективада жақсы жұмыс жасауға мүмкіндік беретін көшбасшылықты қамтамасыз етуге ниеттіміз. Біздің амбициямыз жанкүйерлердің мақсатына сәйкес келеді - біз тұрақты түрде үлкен кубоктар үшін жарысатын және мақтан тұтатын тұрақты және табысты команда құрғымыз келеді», - деді компанияның атқарушы директоры Аманда Стейвли.

PIF компаниясы «Ньюкасл Юнайтед» акцияларының шамамен 80%-ын сатып алды. Бұған дейін англиялық клубты миллиардер Майк Эшли басқарған еді. Бұған дейін «Ньюкасл Юнайтедтің» нарықтағы құны 350 миллион еуроға бағаланғаны хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×