Мұхамеджан Сейсен: «Маған «Астана» клубынан ешкім хабарласқан жоқ»

08.10.2021, 15:27
«Тараз» қақпашысы өзінің болашағына қатысты пікір білдірді.
Мұхамеджан Сейсен: «Маған «Астана» клубынан ешкім хабарласқан жоқ»

Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхамеджан Сейсен ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында алдағы матчтарға дайындық жайлы, сондай-ақ өзінің болашағы туралы пікір білдірді.

- Мұхамеджан, ұлттық құраманың алдағы матчтарға дайындығы қалай?

- Дайындық жұмыстары өте жақсы өтуде. Ойынға үш күн қалды. Әр күнімізді тиімді пайдаланудамыз.

- Финляндия мен Босния құрамаларын ұтуға бола ма?

- Әрине. Біз ол кезде сырт алаңда ойнадық. Алдағы матчтар өз алаңымызда өтеді. Жанкүйерлердің қолдауымен жеңіске жетеміз деген ойдамын.

- Өткенде "Атыраумен" болған матчта пенальти қайтардың. Осыдан кейін қазақ жанкүйерлері сені жылы қабылдап, жақсы пікірлер жазуда. Осындай керемет ойындарыңды ескеріп, сені келесі жылы басқа командаға ауысады деген ақпараттар шықты. Бұл рас па?

- Шыны керек, "Астанаға" ауысатыным жайлы ақпарат барлық әлеуметтік желілерге шығып жатыр. Маған бұл клубтан ешкім хабарласқан жоқ. Сондықтан бұл жалған ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×