Франция жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы қазақстандық клубтардың біріне ауысуы мүмкін

23.01.2021, 02:01
Ойыншының құны 250 мың еуроны құрайды.
Франция жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы қазақстандық клубтардың біріне ауысуы мүмкін

Франция жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Эрвейн Мукам мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін.

Дереккөздің айтуынша, ойыншыға Германия, Франция, Түркиядан ұсыныстар бар, бірақ Қазақстан - ықтималдығы жоғары нұсқа.

Соңғы үш маусымда Эрвейн Мукам Беларуссияның БАТЭ командасында ойнады. 42 матчта 3 гол соқты. Сонымен қатар жартылай қорғаушы "Неман" мен "Астерас" клубтарында доп тепкен.

Transfermarkt порталы 26 жасар ойыншының бағасын 250 мың еуроға бағалауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×