Максим Федин ресейлік клубтың оқу-жаттығу жиынына қатысуда

23.01.2021, 01:45
Федин қазір еркін агент болып табылады.
Максим Федин ресейлік клубтың оқу-жаттығу жиынына қатысуда

24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Максим Федин ресейлік "Урал" командасының оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

Футболшы "Урал" жейдесінде "Краснодар 2" командасына қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты (3:1). Ойыншы матчтың 80-минутында нәтижелі пас берді.

Естеріңізде болса, Федин соңғы маусымды "Қайсарда" өткізді, ол қызылордалық клуб үшін 15 матч өткізіп, 1 гол соқты.

Футболшы "Тобылға" тиесілі еді, бірақ оның қостанайлық клубпен келісімшарты аяқталды, қазір Федин - еркін агент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×