«Ордабасы» алғашқы трансферін жасауға дайындалуда

23.01.2021, 01:12
Седнёв бұл ойыншыны жақсы біледі.
«Ордабасы» алғашқы трансферін жасауға дайындалуда

"Ордабасы" клубының орналасқан жеріне Қазақстандағы үздік қорғаушылардың бірі Бағдат Қайыров келді. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында хабарлады.

Шымкенттік команданың тізгінін Александр Седнев ұстағаннан кейін бұл трансфердің орын алатыны алдын-ала болжанған еді. Неге десеңіз, "Ақтөбе" клубында беларусь маманы Қайыровтың талантын толық ашқан болатын.

Жақын арада Бағдат шымкенттік клубпен келісім жасасады. Футболшыға "Астана" да қызығушылық танытқан еді. Бірақ елордалық команданың осы жылға арналған бюджет көлемі әлі күнге дейін белгісіз.

27 жастағы Қайыров өткен маусымды "Қайсар" сапында өткізді. Премьер-лигада 20 матчқа қатысып, бір нәтижелі пасымен көзге түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×