Испания кубогі 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтті

22.01.2021, 18:49
“Барселона” “Райо Вальеканомен” ойнайды.
Испания кубогі 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтті

Испания кубогі 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтті.

Мадридтік «Реалды» жарыс жолынан шығарған «Алькояно» клубы бильбаолық «Атлетикпен» ойнайды. Ал мадридтік «Атлетиконы» тізе бүктірген «Корнельяны» жеңген каталондық «Барселона» ширек финалдық орынды «Райо Вальеканомен» сарапқа салады.

1/8 финалдың жұптары төмендегідей:

«Алькояно» – «Атлетик»

«Навалькарнеро» – «Гранада»

«Жирона» – «Вильярреал»

«Райо Вальекано» – «Барселона»

«Альмерия» – «Осасуна»

«Вальядолид» – «Леванте»

«Севилья» – «Валенсия»

«Бетис» – «Реал Сосьедад»

Ойындар 26-28 қаңтар аралығында өтеді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×